Шабандоздардың коронавирус жұқтыруына байланысты "Біріккен Араб Әмірліктерінің туры" тоқтатылды

1766

"Біріккен Араб Әмірліктерінің туры - 2020" велододасының ұйымдастырушылары екі италиялық шабандоздың коронавирус жұқтыруына байланысты жарыстың тоқтатылғаны жайлы хабарлады.

Шабандоздардың коронавирус жұқтыруына байланысты "Біріккен Араб Әмірліктерінің туры" тоқтатылды

Велокөпкүндікке қатысып жатқан командалардың біріндегі екі италиялық велесебедші жаңа COVID – 19 коронавирусын жұқтырғандықтан, велобәйге тоқтатылды. Бірақ, команда мен ауру жұқтырған шабандоздардың аты жарияланған жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, бұл веложарысқа "Астана Про Тим" командасы да қатысып жатқан. Ал, кеше өткен 5-кезеңнен кейін қазақстандық Алексей Луценко бас классификация бойынша 3-орында тұрған еді.

"Шабандоздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек деген шешімге келдік. Қауіпсіздік бірінші орында", - деді ұйымдастыру комитеті.

Сонымен қатар, БАӘ-нің Денсаулық сақтау министрлігі жарысқа қатысушылардың, ұйымдастырушылардың және командалардың қызметкерлерінің барлығы тексеруден өтетіні және карантин жарияланатыны туралы хабарлады.  

Ермұхамед Мәулен 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу