#Шаханкөмек науқанын бастаушы Қазнетті ТЖ-дан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды

1480

Бұл туралы жазбаны белгілі блогер әрі қоғам қайраткері Facebook-тегі парақшасына жариялады.  

#Шаханкөмек науқанын бастаушы Қазнетті ТЖ-дан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды

"#Шаханкөмек  Құрметті достар! Өз достарыңызбен бөлісуіңізді сұраймын!
Біз Астанадағы достарым Мұрат Әбенов, Ақберен Елгезек, Талғат Борн, Galym Baituk, Дина Елгезек, Берік Әбдіғалиұлы, Нұрлан Досымовпен бірігіп Шахан кентіне гуманитарлы көмек жіберуді ұйымдастырдық. Біз кезекті азық-түлік пен қажетті тауарлардың партиясын дайындап жатырмыз. Бірақ қиын жағдайға түскен отандастарымызға қосымша көмек қажет. Біз баспанасынан айырылған отандастарымыз үшін қаражат жинауды бастамақпыз. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе қалаларындағы достарымызға айтарымыз, бауырларымыздың басына қиын күн туғанда көмек қолын созайық", - делінген парақшадағы сөзінде.

Қиын жағдайға түскен адамар үшін кез келген көмек пайдалы болады деп жазады Ерлан Сайыров.
"Мүмкіндігіңіз жеткенше қаражат аударуды сұраймыз. Мың, екі мың, он мың  - кез келген сома үлкен рөл атқарады! Адамдар бәрінен айырылды: құжат, киім, жиһаз. Осындай сын сағатта баршаңыздан мейірімділік пен рақымшылық көрсетуіңізді сұраймын! Жіберетін болсаңыздар #Шаханкөмек хэштегін пайдалануыңызды сұраймын, біз сол арқылы Сіз бен біздің ниеттес екенімізге көз жеткіземіз",- деп жазады науқанның белсендісі.

Бұдан бұрын Шахан кентінде зардап шеккендерге көмек ретінде қаражат жинау үшін жекеменшік қайырымдылық қоры ашылған болатын.

1 қаңтарда 22 сағат 40 минутта Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөлімшесіне Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің бір бөлігі құлағаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Үйінді  астынан құтқарушылар 9 адамның өлі денесін шығарды, оның үшеуі ер, үшеуі әйел адам, үшеуі бала. Шахандағы ТЖ-ның себептерін ведомствоаралық комиссия тергеп жатыр.
Алдын-ала мәлімет бойынша, төтенше жағдай автоматты жылыту жүйесінің ақауынан орын алып отыр. ТЖ дерегі бойынша материал ҚР ҚК 292 бабы 3 бөлігі (адам өліміне алып келген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу