Шахмат мектеп бағдарламасына факультативтік пән ретінде енеді

1326

Қазақстанда шахматты мектеп бағдарламасына факультативтік пән ретінде енгізу бағдарламасы уақытылы әзірленуде.

Шахмат мектеп бағдарламасына факультативтік пән ретінде енеді

Болашақта шахматты оқытуды мектепалды даярлықтан жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің басқа сатыларына да енгізуге болады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) басшылары мен Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) сарапшылары мәлім етті.

2016-2020 жылдары ҚШФ "Мектептегі шахмат" пилоттық жобасын жүзеге асырған болатын. Жоба Алматы, Қызылорда, Павлодар облыстарындағы 18 мектепте жүзеге асты. Оның аясында 2-4 сыныптарда шахмат сабағы өткізілді. Шахмат ойнаған мектеп оқушыларының интеллектуалдық көрсеткіштері мен шығармашылық қабілеттерінің күшейгендігі, алаңдаушылық деңгейінің төмендеуі, ауызша және логикалық ойлау көрсеткіштерінің, математика, жаратылыстану пәні, гуманитарлық бағыттар бойынша оқу үлгерімінің жақсарғаны байқалды. Пилоттық жоба қазақ және орыс тілдерінде оқитын 1738 оқушыны қамтыды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында шахмат мұғалімдерін даярлау үшін "Шахматты оқытудың теориясы мен әдістемесі" оқу бағдарламасы әзірленді.

Бұл жұмысқа Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (Орал), С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Өскемен), Инновациялық Еуразия университеті (ИнЕУ, Павлодар), Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті қатысты.

ҚШФ бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов: "Мектеп бағдарламасына шахматты енгізу идеясы көптен бері талқыланып келеді. Біз мемлекеттік стандарттардың пайда болуын күтпей-ақ, жекеменшік мектептердің бұл тәжірибені қалай қабылдап жатқанын көріп отырмыз. Біз Мемлекет басшысына шахматты білім беру бағдарламасына енгізу керектігін айтып, одан толық саяси қолдау алдық. Шахматты мектеп бағдарламасына факультативтік пән ретінде енгізу жоспары әзірленуде", - деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу