Шахматшы Алуа Нұрман FIDE әлемдік рейтингісінде үздік үштікке енді

93

Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман мен Әмина Қайырбекова FIDE жасөспірімдер арасындағы әйелдер арасындағы жаңартылған әлемдік рейтингінің алғашқы ондығына енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты sports.kz басылымына сілтеме жасап. 

Шахматшы Алуа Нұрман FIDE әлемдік рейтингісінде үздік үштікке енді Фото: Alua_nurman

19 жастағы Нұрман 2 443,0 ұпаймен әлемдік рейтингіде 2-орында тұр. Кейінгі 12 айда Алуа керемет серпіліс жасап, 14 сатыға көтерілді. Отандасымыз Delta +105,0 ұпайға өсті. Қазіргі уақытта ол қазіргі көшбасшы ресейлік Анна Шухманның басты бәсекелесі саналады және қытайлық Лу Миаоиді басып озды. 

Ал Қайырбекова 2 374,0 ұпай жинап, әлемдік рейтингіде 9-орынға жайғасқан. Ол соңғы кезеңде 12 ұпай қосып, бір сатыға көтерілді.

Әлемдегі ең үздік 5 жасөспірім спортшы қыздар:

1. Анна Шухман (Ресей) — 2 456,4 

2. Алуа Нұрман (Қазақстан) — 2 443,0

3. Лу Мяойи (Қытай) — 2 438,0

4. Афруза Хамдамова (Өзбекстан) — 2 423,0

5. Элис Ли (АҚШ) — 2 415,0 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу