Шахматшы Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде 7-орынға көтерілді

144

Қазір рейтинг көшін Қытай шахматшылары бастап тұр.  

Шахматшы Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде 7-орынға көтерілді Фото: fide.com

Бибісара Асаубаева 2026 жылғы Үміткерлер турниріндегі сәтті өнерінің нәтижесінде ФИДЕ рейтингінде айтарлықтай алға жылжыды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кипрдің Пафос қаласында өткен беделді дода қорытындысы бойынша отандасымыз екі сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингте 7-орынға жайғасты. Оның рейтингі 2527,2 ұпайға жетіп, бірден +11,2 ұпайға артты. Бұл нәтиже Бибісараның әлемдік шахмат элитасындағы орнын нығайта түскенін аңғартады.

Қазіргі таңда рейтинг көшін Қытай шахматшылары бастап тұр: Хоу Ифань (2596,0), Лэй Тинцзе (2566,0) және Цзюй Вэньцзюнь (2559,0).

Үміткерлер турнирінде Асаубаева тұрақты ойын өрнегін көрсетті. Ол 14 партияның төртеуінде жеңіске жетіп, жетеуін тең аяқтады және тек екі кездесуде ғана жеңіліс тапты. Нәтижесінде 8 ұпай жинап, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Жарыс жеңімпазы – үндістандық Рамешбабу Вайшали, ол қазақстандық шахматшыдан небәрі 0,5 ұпайға озып кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу