Шахматшы келесі жылы жақсы жаңалық болатынын жеткізген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік спорттық мансабын аяқтау туралы сауалға жауап берді. Мұны ол жеке парақшасында жазды.
Спортшы кәсіби мансабын аяқтамаған, бірақ уақытша үзіліс алғанын хабарлап отыр.
– Мансабымды әлі аяқтаған жоқпын. Әзірге үзіліс алып отырмын. Бір-екі жылда нақты шешім қабылдаймын, – дейді шахматшы.
Мұнан бөлек, Жансая Әбдімәлік келесі жылы Ұлытау облысының орталығында шахмат академиясының жаңа филиалын ашуға күш салып жатқанын айтқан. Шахматшының сөзінше, филиал 2025 жылдың қаңтар айында өз жұмысын бастайды деп жоспарланып отыр.