Шахматшыларымызды Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы алды

644

5-12 қыркүйек аралығында Польшаның Быдгощ қаласында 2023 жылғы әйелдер арасында шахматтан тоғызыншы командалық ФИДЕ әлем чемпионаты өтті.

Шахматшыларымызды Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы алды Фото: kazchess.kz

Быдгощ қаласында өткен шахматтан әлем чемпионатында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрманова, Әсел Серікбай және Әмина Қайырбекова ел намысын қорғап, Қазақстан құрамасы Польшадан күміс медальмен елге оралды. Шахматшыларды туған жерде бірінші болып құттықтау үшін Астана халықаралық әуежайына туған-туыстары, жанкүйерлері, журналистер, Қазақстан шахмат федерациясының өкілдері және басқа да спорт қайраткерлері жиналды.

Қазақстандық қыздар әлем чемпионатының финалына жеңіспен шықты, онда Грузия құрамасымен сынға түсіп, өкінішке орай жеңіліп қалды.

"Біз әйелдер құрамамызды мақтан тұтамыз. Ересектер арасындағы командалық әлем чемпионатының күміс жүлделері – қазақ шахматының тарихында алғаш рет болған таңғажайып жетістік. Бұл шахматшылардың өздерінің, жаттықтырушылар құрамы мен федерациямыздың бүкіл командасының қажырлы еңбегінің, сондай-ақ республика бойынша ұлттық құраманың мыңдаған адал жанкүйерлерінің қолдауының нәтижесі екені сөзсіз. Дарынды ойыншыларымызды жаңа белестер мен бұдан да керемет жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін", - деп атап өтті ҚШФ президенті Тимур Турлов.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық шахматшы қыздар чемпионаттың топтық кезеңін бірде-бір жеңіліссіз аяқтап, плей-офф кезеңіне өз тобында бірінші орыннан шықты. Содан кейін ширек финалда алдымен Германия құрамасын ауыр жеңілістерге ұшыратты. Одан кейін жартылай финалда Франция құрамасын жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу