Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатын 4-орынмен аяқтады

115

Қола жүлде өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Қытайға жол берді. 

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатын 4-орынмен аяқтады

Испанияның Линарес қаласында әйелдер арасындағы шахматтан 2025 жылғы командалық әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың бас жүлдесін FIDE Team жеңіп алды. Ал Қазақстан құрамасы 4-орынға ие болды.

18–23 қараша аралығында өткен чемпионатқа 12 команда қатысты. Финалда FIDE Team екі матчта да Әзербайжанды ұтып, чемпион атанды.

3-орын үшін матчта Қазақстан Қытайға 0–4 есебімен жол берді. Бірінші матчта Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева сәтсіз ойнады. Ал екінші матчта шахматшыларымыз өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай, матч қытайлықтардың пайдасына шешілді.

Айта кетейік, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапынан Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Лия Құрманғалиева, Ксения Балабаева, Зарина Нұрғалиева, Елназ Қалиахмет өнер көрсетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу