"Шахтер" шаттыққа бөледі

1520

​Қарағандының клубы әр ойын сайын таңқалдырып жатыр.

"Шахтер" шаттыққа бөледі

Конференция лигасының үшінші айналымына шықнанының өзі ірі сенсация болғанын "Шахтер" жанкүйерлерінің өзі мойындайды. Румынияның атақты "Стяуа" клуын жарыстан шығарып жіберген соң "Шахтерге" үшінші айналымнан шығып қалса да ешкім ренжімес еді. Ереванда өткен матчта қақпашы Игорь Щацкий пенальти сериясында ерлік көрсетті. Соның арқасында украинаның "Колос" деген командасымен кездесті. Алғашқы матч Ковалевка елді-мекенінде өтіп, онда 0:0 тең нәтиже тіркелді. Бұл "Шахтер" үшін оңтайлы нәтиже болатын. Өз алаңы дейтін Қапрағандының орталық стадионы УЕФА сертификациясынан өте алмай, ойынды амал жоқ "Астана Аренада" өткізді. Қарымта кездесуді "кеншілер" тағы да қорғаныста өткізіп, тең нәтижені сақтап отырды. Матч экстра-таймға ұласып, онда да футболшылар бір-бірінің қақпасынан саңлау таба алмады.

Бірінші таймда "Колос" ойыншыларында гол салатын бір мүмкіндік болды. Қақпашы Игорь Щацкий шапшаңдық танытып, қақпасын голдан аман алып қалды. Ал екінші таймда керісінше "Шахтердің" жақсы мүмкіндігі болды. Алайда, қақпаға бағытталған соққы сәл қиыс кетті. Терезесі тең ойын түбінде пенальтилер топтамасына келіп тірелді. Бұл жерде "Шахтер" фаворит болып шыға келді. Алғаш болып қонақтар сапынан Анатолий Нуриев тепті. Әзербайжан футболшысының пенальтиін Щацкий тосып алып, "Колос" футболшыларының мысын басып тастады. "Шахтер" сапынан Един Рустемович 11 метрлікті мүлтіксіз орындады. "Колос" та бір гол салып есепті теңестірді. Алайда, "Шахтер" ойыншысы Букорац та өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Ал одан кейінгі екім пенальтиді қайтарған Игорь Щацкий кездесудің қаһарманы болып шыға келді. Сонымен, 3 рет пенальти тепкен қарағандылықтар соның өзінде келесі айналымға шығып кетті.

Енді келесі аптада "Шахтер" тағы бір маңызды ойын өткізеді. Конференция лигасының плэй-офф айналымына шыққан клуб жеңіске жетсе, топтық кезеңге топ ете қалады. Ал ол күзде болатын 6 ойынға қатысады деген сөз. Әзірге қарсылас анықталған жоқ. Соңғы айналымда қазақстанның командасына "Спартак" Трнава немесе "Маккаби" Тель-Авив командаларының бірі қарсылас атануы тиіс. Олардың алғашқы ойыны Словакияда өтіп, матч 0:0 есебімен аяқталды. Мамандар пікірі бойынша бұл жұптың фавориті екінші ойынды өз алаңында қабылдайтын Израиль елінің командасы болмақ. Айта кетуіміз керек, бұл команда өткен жылы Еуропа лигасының топтық кезеңінен өтіп, плэй-офф сатысына шыққан. Сондықтан да, "Шахтерге" "Спартак" Трнаваның келесі айналымға шыққаны дұрыс.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу