"Шахтер" стадионына жөндеу жұмыстары жүргізілуде

1748

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook парақшасында "Шахтер" стадионындағы жөндеу жұмыстарының барысы туралы әңгімеледі.

 "Шахтер" стадионына жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қалаға кіре беріс тұста орналасқан стадионды Қарағанды облысының басшысы 60 жылдан бері қала тұрғындары мен қонақтары үшін қаладағы басты ғимараттардың бірі екендігін айтты және Қарағанды билігі оны толықтай модернизациялауды ұсынды.

"Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша стадионды жөндеуді бастадық", - деп хабарлады Жеңіс Қасымбек. – Біз газонды Қазақстан Футбол федерациясы мен УЕФА талаптарына сай заманауи көгалдарға ауыстырамыз. Жылыту жүйесі мен автоматты суары алаңы жасалады. Ең бастысы жас командалардың өз алаңдарында жаттығуға мүмкіндіктері болады. Ал негізгі клубтың жоспарланған кездесулерді наурыз айынан бастап ашық алаңда өткізуге мүмкіндігі болады", - деп уәде берді Облыс басшысы. Сонымен қатар қазір трибунадағы орындықтарды ауысытырып, трибуна астында орналасқан бөлмелерге, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жүгіру жолдары мен белгілер ауыстырылады. Жарықтандырудың қуатын арттырады. Нәтижесінде жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 1-тамызына дейін аяқталуы қажет.

Алайда бір нәрсе түсініксіз. Жөндеу жұмыстары аяқталғанша өз алаңында өтуі тиіс матчтарды "Шахтер" екі ай бойы қайда өткізеді?

Естеріңізге сала кетсек, футболдан ел чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айында тоқтап қалды. Енді ойындар маусым айынан кейін ғана жалғасын таппақ. "Шахтер" чемпионатта тек екі кездесу өткізіп үлгерді. Команда қазіргі таңда үш ұпаймен 8-орында тұр. Екі кездесудің бірін қарағандылық команда "Тобыл-Аренада" "Қайратқа" қарсы өткізіп, Қазақстанның вице -чемпиондарын 1:0 есебімен ұтқан болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу