"Шахтердың" бұрынғы бапкері енді "Әндіжанды" жаттықтырады

1509

Ресейлік маман Виктор Кумыков әндіжандық "Орел" футбол командасына бас бапкерлікке тағайындалып, ресми түрде бапкер мен клуб арасында келісім-шартқа қол қойылды.

"Шахтердың" бұрынғы бапкері енді "Әндіжанды" жаттықтырады

Кумыков Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт қызмет атқарып, өз есімін еліміздің футбол тарихында қалдырды. Ол қазақстандық клубты алғаш рет Еурокубоктің топтық кезеңіне шығарған бапкер.

Қазір "Астана" жыл сайын Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп жүргенімен "Шахтердың" жеткен жетістігі туралы ұмытыла бастады. 2013/2014 жылы  қарағандылық клубтың Еурокубоктің іріктеу турниріне дейін жетуі Қазақстан үшін мақтаныш болды. Сондай-ақ Кумыковтың жетекшілігімен "Шахтер" Қазақстан кубогі мен суперкубогінің иегері атанып, ұлттық чемпионатта екі алтын медаль жеңіп алды. Жалпы алғанда ресейлік маман Қазақстанда 11 маусым бапкерлік етіп, алты клубты жаттықтырған. Ол 2019 жылдың сәуірінде "Атырау" футбол клубында жұмысын аяқтады.  

Дегенмен, "Әндіжанның" Кумыковқа деген қызығушылығы оның Қазақстандағы жетістіктерімен байланысты емес. Себебі ресейлік бапкер Өзбекстан футболында да рекорд жасады. Ол 2006-2007 жылдар аралығында "Машъал", 2008 - 2010 – "Насаф", ал 2016 - 2018 – АГМК клубтарын басқарып, Өзбекстан кубогінің қола жүлдегері атанған.

Енді "Әндіжанды" баптайтын Кумыковтың клубпен келісім-шарттың қанша уақытқа жасалғаны белгісіз. Сарапшылар да мұны маңызды емес деп есептейді. Себебі өзбекстандық клуб жыл сайын бапкер ауыстырады.  

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу