"Шахтерға" жаңа бапкер тағайындалды

2017

"Кеншілер" тәжірибелі қазақстандық маманға сенім артты.

"Шахтерға" жаңа бапкер тағайындалды

Қарағандылық "Шахтер" 62 жастағы қазақстандық маман Вахид Масудовтың бас бапкер қызметіне тағайындағанын хабарлады.

Вахид Масудовтың бапкерлік тәжірибесі мол, ол бұған дейін де қарағандылық клубта да жұмыс істеген (2000, 2005, 2006). "Тараз", "Атырау", "Ақжайық", "Қайрат", "Восток", "Ордабасы", "Локомотив", "Ақтөбе", "Мақтаарал" және Қазақстан құрамасын жаттықтырған.

62 жастағы маман осы жылдың қаңтар айынан бері 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын баптады. Ағымдағы маусымда "Шахтерді" Қазақстан құрамасын қабылдап алған Магомед Адиев жаттықтырған болатын. Әдиевтен кейін "Шахтердің" бас бапкері қызметін ресейлік маман Константин Емельянов атқарған басқарды.

Сонымен қатар 55 жастағы қазақстандық маман Саргей Когай "Тұран" футбол клубымен келісім-шартқа отырды. Когай бұған дейін "Қайсар" және "Ордабасы" командаларын жаттықтырған. Футболшы ретінде "Қайрат", "Қайсар", "Яссы", "Скиф-Ордабасы", "Тараз" және тағы басқа командаларда ойнаған. 

Бұған дейін бас бапкер міндетін уақытша атқарған Қуаныш Қабдулов жаттықтырушының көмекшісі болып бекітілді.

Бір қызығы, Когай ҚКФЛ ресми сайтында мамыр айынан бері "Тұранның" бас бапкер ретінде көрсетілген. Бірақ түркістандық клуб бүгін ғана ресми мәлімдеме жасады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу