Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан элиталық дивизионнан шығып қалды

266

Ұлттық құрама Швейцарияға есе жіберді. 

Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан элиталық дивизионнан шығып қалды Фото: Федерация баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасы Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатының соңғы матчында жеңіліс тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан 16-минутта есеп ашты. Гол авторы – Аркадий Шестаков. Екінші кезеңнің аяқталуына бес секунд қалғанда швейцариялықтар артық құрамда шайба соғып, үшінші кезеңде тағы бір голмен алға шықты. Ойын соңына қарай есеп 4:1 болып, қарсылас команда жеңіске жетті.

Швейцария – Қазақстан 4:1 (0:1, 1:0, 3:0)

0:1 – 15:17 – Шестаков (Бекетаев, Михайлис)

1:1 – 39:55 – Фиала (Мальгин, Кукан) артық құрамдағы гол

2:1 – 47:15 – Андригетто (Мальгин, Мозер) артық құрамдағы гол

3:1 – 57:06 – Амбюль (Нидеррайтер, Фиала)

4:1 – 57:44 – Риат (Кнак, Фора)

Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тобында соңғы орынға түсіп, элиталық дивизионмен қош айтысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу