Шаруалар ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту үшін жылдық 7%-жеңілдетілген несие бағдарламасын енгізуді ұсынды

Мәселені арнайы талқылау үшін бас қосқан фермерлер Үкіметке хат жолдады. 

Шаруалар ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту үшін жылдық 7%-жеңілдетілген несие бағдарламасын енгізуді ұсынды

Қазақстан Фермерлер Қауымдастығының бастауымен еліміздің аграрийлері мен машина жасаушыларының республикалық кеңесі өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz

Жиында отандық ауыл шаруашылығы техникасы паркінің ағымдағы жай-күйін және оның нақты мүмкіндіктерін талқыланып, Үкіметке хат жолдады. 

Кеңесте көп айтылған мәселе – тракторлар мен комбайндар паркін жаңарту бойынша лизингтік бағдарламалар белсенділігінің төмендеуі болды.

Фермерлердің пікірінше, бүгінде барын сақтап қана қоймай, агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жабдықтау үшін жаңа жағдайлар жасау қажет.

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметінше 2021 жылдың басында еліміздегі ауылашурашылығы техникасының паркінде 147,7 мың трактор, 38,1 мың трактор бар. Олардың 80%-ы тозған. Сондықтан шұғыл жаңарту шараларын қолға алу керек.

Жиынға жиналғандар бұл ретте 4%-бен жеңілдетілген автонесие бағдарламасының сәтті тәжірибесін қолдануға болатынын жеткізді. 

Айта кетейік, бұл бағдарлама бойынша 16 мамырдан бері 10 мыңға жуық өтінім мақұлданып, 1 618 автокөлік берілген. 

Бастапқы кезде жобағы ауылшаруашылығы техникасы қосылуы мүмкін дегендер де болды. 

"Алайда қаражат бөлу туралы шешім қабылданған кезде ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға қаражат қарастырылмаған, қазақстандық фермерлер қайтадан ескерусіз қалды. 2022 жылғы егін жинау науқанына уақтылы дайындалу, сондай-ақ процесті бюрократиясыздандыру мақсатында, ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингті несиелендірудің осындай бағдарламасын іске қосуды ұсынамыз", – деген шаруа қожалықтарының басшылары Үкіметке үндеухат жолдады.  

Олардың айтуынша бастаманы іске асырып, отандық өндірістегі тракторларды, комбайндарды, аспалы және тіркеме техниканы он бес пайыздық бастапқы жарнамен 7%-бен лизингке беру үшін шамамен 30 млрд теңге қажет. 

Бұл 872 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға және жыл сайынғы шығындар мен жиналмай қалатын егін көлемін қысқартуға мүмкіндік береді. 

Мұндай бастаманы зауыттар да қолдайды. Жыл басында БАҚ-на берген сұхбатында Қостанай трактор зауытының директоры Динара Шукижанова да осы мәселені айтқан. 

"Жеңілдетілген несиені ауыл шаруашылығы техникасына да беру керек деп есептейміз. Диқандардың қандай қиын жағдайда тұрғанын өзіңіз де білесіз, екінші жыл қатарынан қуаңшылық болуда. Сондықтан барлық шаруалар ауылшаруашылық техникасына жеңілдікпен несие алуды күтуде. Бұл шаруаларға да берілуі керек", – деген еді Динара Шүкіжанова.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу