Шашынан ұстап, төрт рет ұрдым – Салтанат Нүкенова қайтыс болған түні

1764

Экс-министрдің айтуынша әйелінің күлгені оны қатты ашуландырды. 

Шашынан ұстап, төрт рет ұрдым – Салтанат Нүкенова қайтыс болған түні Фото: nur.kz

Еске сала кетсек, Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенова қайтыс болған күнінде қандай іс-әрекеттер жасағанын айтып берді. 

"Лифтке мінген соң: "Сенің қалағаның осы ма" деп сұрадым. Ол күлді. Оның күлгені қатты ашуландырды. Сосын VIP бөлмеге кіріп кеттім, ол дәретханаға кетті. Ол маған: "Иә, мен осыны қалаймын" деп балағат сөздер айтты. Сосын ашуланып, шашынан ұстап, төрт рет ұрдым. Ол жерге құлады. Жерге құлаған соң, жамбасынан 3-4 рет тептім. Бірақ маңызы бар органдарына тигізген жоқпын. Ол орнынан тұрмады, сосын шашынан тарттым. Шашынан ұстап, VIP-ке апардым. Үйге барғым келетінін айттым, ол мені итеріп жіберді де бірнеше қадам жасап құлап қалды. Сосын оған тұруға көмектестім. Ол қайтадан диванға отырды. Саған не болды? деп сұрадым. Ол үндемей отырды. Сосын диванға жатып, аяғын көтерді. Мен Салта, ұйықтама дедім. Мен оны киіндіре де, көтере де алмайтынымды түсіндім. Бірақ ұйықтап, есін жисын деп ойладым. Сол кезде оның бетінде ісік пайда болды", - деді Бишімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу