Республика күніне арналған салтанатты шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жартылай орта салмақта UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновты "Барыс" орденінің II дәрежесімен марапаттады.
"II дәрежелі "Барыс" орденімен даңқты спортшы Шавкат Рахмонов марапатталады. Ол еліміздің шынайы бейнесін қалыптастыру мен оны шетелде насихаттау ісіне зор үлес қосып жүр", – деді Мемлекет басшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу