Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды жеңді

1241

Ол осымен кәсіби мансабында он сегізінші жеңіске жетіп отыр.    

Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды жеңді Фото: exclusive.kz

Шавкат Рахмонов (18-0) пен америкалық Стивен Томпсон (17-7-1) арасындағы жекпе-жек 2 раундта отандасымыздың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шавкат Рахмонов осымен кәсіби мансабында он сегізінші жеңіске жетіп отыр, ал Стивен Томпсон жетінші жеңіліске ұшырады. Бұл Рахмоновтың 2023 жылғы екінші жекпе-жегі болды: ол наурыз айының басында американдық Джефф Нилмен (15-5) жекпе-жек өткізіп, үшінші раундта жеңіске жеткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу