Шавкат Рахмонов кез келген чемпионмен шығуға дайын екенін мәлімдеді

468

Ол өзінің дайын екенін әрі титулға лайық екенін айтты. 

Шавкат Рахмонов кез келген чемпионмен шығуға дайын екенін мәлімдеді Фото: Жеке парақшасынан

8 желтоқсан күні Лас-Вегаста жекпе-жекке шығу керек болған отандасымыз қайтсе де сол турнирде өнер көрсетуді көздеп, уақытша чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

“Белалдың қашан оралатыны беймәлім. Сондықтан UFC 310 турнирінде кез келген қарсыласпен уақытша чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға дайынмын. Кімді берсе де бәрібір, бастысы титулдық жекпе-жек болса болды. Өйткені Белалдың қашан оралатыны белгісіз. Мен дайынмын және титулға лайықпын!" – деді Рахмонов.

Еске сала кетсек, чемпион Белал Мухаммад (24-3-0-1) саусағынан жарақат алуына байланысты UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмоновқа қарсы кездесуден бас тартқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу