Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді

1650

Аралас жекпе-жектің шебері қазақстандық (ММА) Шавкат Рахмонов бүгін (13-0) UFC промоушніндегі екінші жекпе-жегін өткізді.

Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді

Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтіп жатқан UFC Vegas 30 турнирі аясында 26 жастағы Рахмонов 39 жастағы бразилиялық Мишель Празереспен (26-3) кездесті. Жекпе-жек үш раундқа есептелген болатын. Спортшылар алғашқы бес минутты барлаумен бастады және соққылармен алмасты. Осыдан кейін Празерес аяқпен соққы бағыттауға тырысты. Бірақ Рахмонов бұл соққыны сәтті тосып, оны тейкдаунға ауыстырды.

Қазақстандық екінші кезеңді октагонның ортасынан бастады. Шабуылдардың бірінде ол бразилиялықты сілкілеп үлгерді. Осыдан кейін Рахмонов қарсыласын қайтадан күреске шақырып, тұншықтыру әдісін пайдаланып, жеңіске жетті. Рахмонов үшін бұл мансабындағы 14 жекпе-жектегі 14-ші жеңіс болды. Празерес алғаш рет жеңіліс тапты.

Кездесу аяқталған соң Шавкат Рахмонов өз пікірімен бөлісе кетті.

"Өзімді жақсы сезінемін. Әлемдік аренада Қазақстан туын желбіреткеніме қуаныштымын. Мен Топ-15 қатарында болуға лайық екенімді білемін. Еліме қайтқан соң қарсылас бойынша командамен келісемін және тезірек оралуға тырысамын", - деді Рахмонов жекпе-жектен кейін.

UFC Vegas 30 турнирінің басты жекпе-жегі ауыр салмақта ресейлік Александр Волков пен француз Сирил Ган арасында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Рахмонов UFC-дегі дебютін былтыр қазан айында өткізіп, тағы бір тәжірибелі бразилиялық Алекс "Ковбой" Оливейраны (22-9-1-2) бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу