Шекаралық аймақтарда дизель көлік түріне және көлеміне қарай әртүрлі бағада сатылуы мүмкін

3107

Энергетика министрлігі шекаралық аймақта дизель отынына сараланған бағалар белгілеуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі. 

Шекаралық аймақтарда дизель көлік түріне және көлеміне қарай әртүрлі бағада сатылуы мүмкін

Бағалар резиденттікке, тұтыну көлеміне және көлік түріне байланысты болады делінген құжатта, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Транзиттік көлік үшін және шекара периметрі бойынша сараланған бағалар әзірлеу арқылы дизель отынының тапшылығын болдырмау міндеті қойылды. Шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасында күніне 4,4 мыңға жуық жүк көлігі кіреді, оның 70% - ы шетелдік көлік. Республикадағы жаңар-жағармай құю станцияларында баға төмен, сондықтан бұл орташа айлық тұтынуды шамамен 120 мың тоннаға өсуіге алып келеді", – дейді министр Болат Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, бұйрық жобасын Ашық НҚА сайтында халық талқылауы үшін жарияланады. Талқылау шамамен екі апта жүргізіледі.

"Өз еліміздің азаматтары, жүргізуші куәліктері болған жағдайда, қолданыстағы бағамен, яғни 250-260 теңгеден 100 литр дизель отынын құюға құқылы болады деп есептейміз. Күніне жүз литр деген, біздің ойымызша, жеткілікті. Егер одан көбірек сатып алғысы келсе, онда баға басқаша болады. Ал жүк көлігіне алмақ болса, жүргізуші куәлігі мен құжаттары, яғни автокөлік құралының техпаспорты болған жағдайда, тәулігіне 300 литрге жуық лимит берілуі мүмкін", – деді Ақшолақов.

Оның айтуынша, осы аталған адамдар тобына кірмейтіндер шамамен 450 теңгеден жанармай құяды. 

Жасын Қалибек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу