Бірақ қатыгездікке бейім адамдар алғашында өзін сүйкімді және қамқор адам ретінде таныстырып, құрбанының сеніміне әбден кіріп алғаннан кейін ғана “қылық” көрсете бастайды. Бірақ олардың мінез-құлқынан алғашқы уақытта-ақ "қызыл жалау" көтеретін белгілерді көруге болады. Ол қандай белгілер?
Бұл туралы американдық клиникалық психолог Лунди Банкрофт "Абьюзер кім және оған қалай қарсы тұру керек?" атты еңбегінде айтады.
Қатыгез ер адамның алғашында қандай мейірімді болуы мүмкін екенін естігенде (немесе оны өз бетімен бастан өткергенде), әйелдер абдырап қалады. Оларды: "демек, қатыгез қарым-қатынастан аулақ болу мүмкіндігі жоқ па? Жігітімнен не күтетінімді қалай білуге болады?" деген сұрақ мазалайды. Десек те қатыгез ер азаматтардың көпшілігі өздерінің қатыгездік оқиғасын бастамас бұрын ескерту сигналдары болады. Сонымен ол қандай сигнал?
Кездесіп жүрген адамның қатыгез адам емес екеніне қалай жеткізуіге болады?
Ол бұрынғы серіктесі туралы жаман пікір білдіреді
Бұрынғы серіктеске деген белгілі бір ашуланшақтық пен реніш қалыпты жағдай, бірақ реніші туралы тым көп айтатын және енді ғана танысқан сәттен бастап бұл туралы айта бастайтындардан сақ болу қажет. Бұрынғы әйелдері туралы беделін түсіретін немесе менсінбей сөйлейтін ер адамдарға, сондай-ақ өзін әйелінің қатыгездігінің құрбаны деп атайтындарға ерекше назар аудару қажет. Ол бұрынғы әйелі зорлық-зомбылық жасады деген жалған айып тақты деп айтса, бұл қауіптің белгісі: өйткені зорлық-зомбылық туралы хабарламалардың басым көпшілігі шындыққа сәйкес келеді. Басқа әйелдер оны қатыгез деп санайтын болса, оның жағдайға деген көзқарасын сұрау қажет. Неден қорқу керек екенін анықтап алғаныңыз жөн. Бұрынғы серіктестерге қатысты зорлық-зомбылықты мойындайтын, әйелдерге кінә тағатын немесе алкоголь немесе өзінің жастығы себеп болды дейтін ер адамдардан қашу қажет.
Сондай-ақ ол өмірінде мұндай парасатты әйелдің ертерек кездеспегенін, сіздің басқа әйелдер сияқты емес екеніңізді, оған құрметпен қарайтыныңызды немесе басқа әйелдер оны түсінбегенін айтса, абай болу керек екенін білдіреді. Мұндай сөзді естігенде көп әйелдер "басқалар" сияқты емес екенін дәлелдеу үшін барын салады және осылай тұзаққа түсіп қалады. Бұл әрекеттер оның "әйелдердің бәрі бірдей" деген қорытынды жасағанына дейін болады. Мұндай еркектердің қоршаған ортаны қабылдау жүйесі бірде-бір әйел жақсы бола алмайтынына сенімді.
Кейбір ер адамдар керісінше көзқарасқа ие: олар өздерінің бұрынғы серіктестерін тым қатты мақтайды, жаңа серіктесінің оларға қарсылас бола алмайтынын сезіндіреді. Бұрынғы серіктестерінің спортты сүйетін, экономикалық жағынан табысты екенін айтып, ал сіздің қанша тырыссаңыз да одан кейін түкке тұрмайтыныңызға сендіреді. Ол әрқашан позицияның қожайыны сезінгісі келеді.
Ол бұрынғы қарым-қатынастың бұзылуына әкелген нәрсе үшін жауапкершілікке алмаса, сіз жақын арада онымен қарым-қатынасыңызда туындайтын барлық проблемалары үшін айыпты болатыныңызды білгеніңіз жөн.
Ол сізді құрметтемейді
Сыйластықтың болмауы - қатыгездік өсетін топырақ. Ер адам әйелді қорласа немесе оның пікірін менсінбесе, басқа адамдардың көзінше дөрекілік танытса, сарказммен сөйлесе, ол менсінбейтінін көрсетеді. Мұндай мінез-құлық қайталанса немесе шағымданғаныңызға қарамастан, ештеңе өзгермесе, жақын арада бақылау мен қатыгездік күтіп тұрғанын біліңіз.
Идеализация
Сізді идеал әйел ретінде тұғырға тұрғызады. Бұл жағдайда сізге қымбат фарфор ваза сияқты қарайды. Бірақ ол сізді көрмейді. Ол өзінің қиялын көреді және оған сәйкес келмейтін болсаңыз, жиіркеніш сезімі туындап, жазалайды.
Осылайша, сізді менсінбейтін адам мен сізді асыра бағалайтын адам арасында айырмашылық аз. Екеуі де сізді нақты өз қалпыңызда көре алмайды, мұның соңы жақсылыққа апармайды.
Ол сізге өзіңіз қаламайтын жақсылық жасайды немесе сізге ыңғайсыздық тудыратын керемет жомарттықты көрсетеді.
Бұл ер адамның сізге қарыздар екеніңізді сезінуге тырысатын белгілері болуы мүмкін.
Ол басқарады
Бастапқыда сіз шешім қабылдауға жауапты адамның жанында болғаныңызға өте қуанышты болуыңыз мүмкін. Абьюзерге құрбан болған әйелдер алғашқы кездесулер қызықты және көңілді болғанын айтады. Абьюзерлер кездесудің әр сәтін жоспарлайды. Бастапқыда әйелдерге бос уақытты қалай жоспарлағаны ұнайды. Бірақ содан кейін ғана әйелдер өзінің не істегісі келетініне сирек назар аударатынын байқайды. Әйелдер бұлай уақыт өткізген ұнамайтынын айтқанда ол ашулана бастайды.
Бақылау әдетте байқалмай басталады.
Ол сіздің киіміңізге немесе сыртқы келбетіңізге қатысты ескертулер айтады. Сіздің отбасыңыз немесе достарыңыздың бірі туралы біршама теріс пікірлер білдіреді. Онымен көбірек уақыт өткізгеніңізді қалайтынын айтады, сол үшін жұмыстан кетуді немесе көп жалақы алатын жұмыс істегеніңізді қаламайтынын айтып, қысым жасай бастайды. Өміріңізді ұйымдастыруға қатысты тым көп кеңестер бере бастайды және оның ұсыныстарын орындамасаңыз, шыдамсыздық белгілерін көрсете бастайды.
Ол иелік етеді
Иелік ету жақсы көргеннен деп жасырылады. Ер адам: бұрынғы жігітіңізден қызғанады. Сіздің қасыңызда басқа адам болған деген ойға төзе алмайды. Ол күніне бес рет қоңырау шалып, не істеп жатқаныңызды тексереді немесе әр кешті онымен бірге өткізуді талап ете алады. Ол сізді “өз меншігім” деп көріп, бақылайды.
Ішкі сенімсіздігі бар ер адам сіздің басқа ер адамдармен, әсіресе бұрынғы серіктеспен қарым-қатынасыңызға байланысты мазасыздық сезінуі мүмкін және сіздің адалдығыңызды үнемі тексеріп отырады. Сондай-ақ ол қызғанышын басу үшін серігінің еркіндігі мен бостандығына шектеу қояды, әйел адам қатыгез бақылауға тап болады. Есіңізде болсын, сіздің өміріңіз оның сенімсіздігіне байланысты өзгермеуі керек.
Қызғаныш жағымды болуы мүмкін. Оның сізге ессіз ғашық екенін сезіну жақсы десек те, бірақ ер адамның шектен шыққан қызғанышы ессіздікке итермелейді. Иелік ету оның сізді тәуелсіз адам ретінде емес, қорғалатын қазына ретінде жақсы көретінін білдіреді. Уақыт өте келе сіз оның шексіз қырағылығымен тұншықтыратынына куә боласыз.
Ол ешқашан ештеңеге кінәлі емес
Ол кез-келген нәрсеге немесе қатеге өзінен басқа адамдарды айыптайды. Уақыт өте келе оның айыптаулары сіздің мекен-жайыңызға жиі айтылады. Бұл типтегі ер адамдар орындамайтын уәделер беруге бейім. Сізді ренжіткеніне немесе жауапсыз әрекет еткеніне өзіңізді кінәлі етеді және сізді экономикалық тұрғыдан қанайды.
Ол өзімшіл
Қарым-қатынастың алғашқы бірнеше айында қатыгез тұлғаның эгоцентризмі әрдайым айқын бола бермейді, бірақ сіз байқай алатын белгілер бар. Ол өзі туралы көп әңгімелесе және әңгіме тақырыбын созылмалы түрде өзіне аударса, сақ болу керек. Эгоцентризмді өзгерту өте қиын (қатыгез тұлғаларда), мұндай психологиялық күйдің тамыры баланың ауыр эмоционалдық жарақаттарына байланысты.