Шеремета: "Мен Әлемдегі ең үздік боксшылардың біріне қарсы рингке шығамын"

1894

Екі боксшы да кездесуге қызу дайындықты бастап кетті.

 Шеремета: "Мен Әлемдегі ең үздік боксшылардың біріне қарсы рингке шығамын"

Поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) АҚШ-қа келіп жетті. Ол IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. Шеремета Флоридада шоуды ұйымдастырушылар бөлген залда жаттығуды бастап кетті. Коронавирус жұқтырып алмау үшін жекпе-жек басталғанға дейін ол қонақ үйде болады.

"Мен бұл кездесуді күттім. Жекпе-жек өтетін күн де алыс емес. Мақсатым да осы жекпе-жек еді. Сондықтан біз тек қуануымыз керек. Мен Әлемдегі ең үздік боксшылардың біріне қарсы рингке шығамын", - деді поляк боксшысы Камил Шеремета.

Естеріңізге сала кетсек, Шереметаның бұған дейін коронавирус жұқтырғаны белгілі болған еді. Бірақ, қазіргі таңда ол аурудан толықтай айғып шықты. Екі боксшы арасында өтетін кездесуде GGG сөзсіз айқын фаворит болғанына қарамастан поляк боксшысы әлемдік бокс тарихына енеді.

"Ең бастысы, мен өзіме сенемін, менің отбасым маған сенеді. Мен балаларыма қарап, мұның барлығын олар үшін жасап жатқанымды білемін", - деді Шеремета.

Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 19 желтоқсанда таңертең өтеді. Ол DAZN стримингтік қызметінде көрсетіледі. Головкин бұл атақты 21-мәрте қорғап, жеке рекордын жаңартпақ. Қазақстандық былғары қолғап шебері былтыр қазан айында украиналық Сергей Деревянченконы жеңгеннен кейін алған IBF және IBO чемпиондық белбеулерін бұл жолы да қорғап қалуға тырысады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу