Қазақстан құрамасы дзюдодан Австриядағы Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алды

182

Қазақстан құрамасы дзюдодан Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің алғашқы жарыс күнін бір медальмен аяқтады.

Қазақстан құрамасы дзюдодан Австриядағы Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасының 4 дзюдошысы қола медаль үшін белдесті. Алайда олардың тек біреуі ғана жүлдегерлер қатарына қосылды.

48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова нидерландтық Амбер Герсьестен жеңіліп қалды.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта қазақстандық дзюдошылар арасында өткен белдесуде Шерзод Давлатов командаласы Аман Бақытжанды жеңді.

 

Ал Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін өткен белдесуде испаниялық Адриан Чинарро Ниетодан жеңіліп қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу