Шетел көлігін тіркеу: Автожурналист Олжас Оқас президент тапсырмасының мән-жайын түсіндірді

2233

Автожурналист Олжас Оқас Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған "шетелдік көліктерді тіркеу" жөніндегі тапсырмасының мән-жайын түсіндіріп берді, деп хабарлайды іnbusiness.kz.

Шетел көлігін тіркеу: Автожурналист Олжас Оқас президент тапсырмасының мән-жайын түсіндірді

Еске сала кетсек бүгінгі Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта көліктерді заңсыз елге кіргізудің барлық жолын жабуда нақты шешім қабылдау керектігін тапсырған болатын.

Президенттің айтуынша, осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген көліктердің мәселесін шешуді тапсырған.

Атап айтқанда, оларды заңдастыру үшін бір реттік тәртіпте алғашқы тіркеу төлемін 200-250 мың теңгеден асырмауды жүктеді.

"Бұл шаралар іздеуде жоқ және кедендік "тазартудағы" көліктерді қамтуы тиіс", – деді Тоқаев.

Белгілі автожурналист Олжас Оқас өзінің ютуб-арнасында мұның мән-жайын түсіндіріп берді.

"Елімізді еркін кезіп жүрген шетелдік тіркеудегі көліктер заңдастырылатын болды. Дұрыстап түсініп алыңыздар. Яғни 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстан территориясына кіргізілген авткөліктерге ғана бір реттік жеңілдік жасалды", – деді Олжас Оқас.

Автожурналистің айтуынша, президенттің бұйрығы бойынша заңдастыру аясында алғашқы тіркеу мен утилизация алымы 250 мың теңгеден аспау керек.

"Қосымша ақпарат: Аталмыш науқан криминалсыз, іздеуде болмаған, кедендік тазартудан өткен автокөліктерге ғана қатысты. Құрметті көрермен! Әзірге бұл ұсыныс ретінде жарияланды. Билік өкілдері әрекетке кіріскен жоқ. Қазақстанда көлік тіркеу бойынша ережені де ешкім жоққа шығармаған. Ол не деген сөз? Оң рөлдегі автокөліктер, экологиялық класы еуро4-тен төмен көліктер тіркеуге алынбайды деген сөз. Қазақстан ЕАЭО мүшесі екенін де ұмытпайық. Грузиядан әкелінген ескі көлікті арзанға тіркеу мүмкін емес. "Двойниктермен", жалған құжаттармен жүрген автокөліктер қудаланып, көшені тазарту процесі басталады деген сөз. Ресейден келген росучет та Тоқаев айтқан жеңілдік бойынша өтпейді. Ақыр аяғында бұл акция кімге арналған дейсіз ғой? Ертеректе сары нөмір алған кісілердің көліктері тап-таза болып шығады", – дейді Олжас Оқас.

Автожурналист бүгінгі мәлімдемені "бас ауырғанда басатын таблеткаға" теңеді.

"Проблема түбегейлі шешілмейді. Утилизация алымымен алғашқы тіркеу туралы айтшы деп өтінгендер бар. Айтайын. Мысалы, жаңа камридің бағасына оның құны 5 пайыздан аспайды. Машина сатып алуға ниеттенген адам үшін утиль мен "первичка" мәселе тудырмайды", – дейді ол.

Аян Бекенұлы 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу