Шетел валютасының сауда көлемі 1% өсім көрсетті

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
10704

Қайталама нарықтағы сауда көлемі 3 есе кеміді. 

Шетел валютасының сауда көлемі 1% өсім көрсетті    Фото: Максим Морозов

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауданың жиынтық көлемі соңғы 9 айда 85,6 трлн теңгеге жетті. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3% немесе 4,8 трлн теңгеге көп көрсеткіш. Есептік кезеңде KASE индексінің мәні 2,6% өсті. Акция нарығын қаржыландыру көлемі 14,3, ал капитализация 17,7 трлн теңгеден асты.

KASE баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші қазандағы дерек бойынша, қор биржасының ресми тізіміне барлық 70 эмитенттің 261 корпоративтік облигациясы орналастырылды.  

"Жыл басынан бері қор биржасының ресми тізіміне 13 эмитенттің 3 корпоративтік облигациясы шығарылды. Үшінші тоқсанда 4 эмитенттің 7 облигациясы листингтен өтті", – деп мәлімдеді биржаның баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, корпоративтік облигация нарығындағы борыштың сауда көлемі 14,3 трлн теңгені құрады. Алайда көрсеткіш 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 289 млрд теңгеге кем болды.

"Корпоративтік облигацияның қайталама нарығындағы инвесторлардың негізгі санаттары бойынша екінші деңгейлі банктердің үлесі – 9,1%, брокер-дилерлердің үлесі – 16,9 %, институционалдық инвесторлардың үлесі – 19,8 %, өзге заңды тұлғалардың үлесі – 50,1%, жеке тұлғалардың үлесі – 50,1% және резидент еместердің қатысу үлесі – 14,4% құрады", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың сауда жиынтығы 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе өсіп, 3 639,8 млрд теңге жетті. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша сауданың орташа күндік көлемі 19,9 млрд теңге шамасында болды.

Қайталама нарықтағы сауда көлемі 1,9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есе кем көрсеткіш.

Есептік кезеңде KASE сауда тізіміне Азиялық даму банкі, Еуразиялық даму банкі, Еуропалық қайта құрылымдау және даму банкі, Еуропалық инвестициялық банкі сонымен қатар Халықаралық қаржы корпорациясы сынды халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының 30 шығарылымын орналастырды. Ал шетел валютасы нарығындағы сауда көлемі 8 390,5 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың көрсеткішінен 86,9 млрд теңгеге немесе 1% артық болды.  

Абылай Бейбарыс


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу