Шетелде жұмыс істеп жүрген қазақ мұнайшыларынан елге қандай пайда бар?

1063

Мұнай саласында мамандар жетіспеушілігі байқалады.

Шетелде жұмыс істеп жүрген қазақ мұнайшыларынан елге қандай пайда бар? Фото: canva.com

Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағы президиумының төрағасы Рашид Жақсылықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мұнай саласындағы кадрлық әлеуетке тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біздің салада өте көп маман жетіспейді. Әр сұхбатымда мұнай саласы мен ғылым егіз дүние екенін айтамын, өйткені ғылымсыз мұнай саласы дамуы мүмкін емес. Бір ғана мысал айтайын. Бес мың тереңдіктен мұнай алып шығу үшін қаншама адам білімді болуы керек. Сондықтан бізде жетіспейтін мамандар көп, дайындайтын орын да жоқ. Шындығына келгенде, біздің оқу орындарын бітірген мамандардың сұранысы өте аз. Мұнайға қызмет көрсету саласының компаниялары әрқайсысы өзінің мектебін ашқан және шетелдік серіктестік арқылы мамандарымызды шетелге шығарып оқытамыз. Ірі операторлар жыл сайын біздің мамандарды дайындауда өзінің үлесін қосады", - деді ол.

Тілшілер "Шетелде жұмыс істеп жүрген қазақ мұнайшыларынан елімізге пайда бар ма?" деп сұрады. 

"Біріншіден, әлеуметтік аз қамтылған топты азайтады. Өйткені шетелге барғаннан кейін ол жоғары айлық алады, ұлттық игілікке айналады. Басқа елде біздің мемлекетті танытып, жақсы маман атану екінің бірінің қолынан келе бермейді. Үшіншіден, ол тапқан ақшасын шетелде қалдырмайды, осында келіп жұмсайды. Сондықтан экономикамызға өте пайдалы", - деді Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағы президиумының төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу