Шетелдік нөмірлі көліктер тіркелуі немесе елден шығарылуы керек – Тоқаев

24434

Армения, Ресей және Қырғызстандық нөмірмен жүрген автокөлік иелеріне "тықыр" таянды. 

Шетелдік нөмірлі көліктер тіркелуі немесе елден шығарылуы керек – Тоқаев

2021 жылдың 1 наурызына дейін шетелдік нөмір таққан автокөліктер ел заңнамасына сәйкес, ішкі істер министрлігінің тіркеуіне алынуға тиіс. Бұл үшін шетелдік нөмірмен жүрген автокөлік иелері кедендік баж салығы мен утилизациялық алым төлеуі керек.

"Біздің азаматтар Ресей мен Қырғызстаннан сенімхат арқылы автокөлік  сатып алады. Кейін автокөліктерін елде тіркемей жүреді. Біздің елдің азаматтары Қазақстанның заңнамасын бұза отырып, Арменияда техникалық құжат ресімдейді. Елге кіргізіліп жатқан авкөліктердің басым бөлігі есепке алынбайды. Осыған байланысты  Бас прокуратураға қалыптасқан жағдайға құқықтық баға беруді тапсырамын!", – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы үкіметке бір айдың ішінде Қазақстан азаматтарының ЕАЭО елдерінен 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелген көліктерін тіркетуді тапсырды.

"Бұл көліктердің тіркелуі 2021 жылдың 1 наурызына дейін күшінде болады. Мұндай көліктер техникалық регламенттің талаптарына сай болуы керек. Сондай-ақ тіркеу сомасы мен мемлекеттік бажды төлеуі тиіс. Уақытша тіркеу бір қолдан екінші қолға сатылғаннан кейін жасалмауы керек. 2021 жылдың 1 наурызына дейін автокөлік иелері көліктерін тұрақты тәртіпте тіркеп, кедендік баж бен утилизациялық соманы төлеуі тиіс. Болмаса ол көлікті елден шығаруы немесе заңнамамен тыйым салынбайтын басқа да амалмен мәселесін реттеуі қажет. Үкіметке Қазақстанның заңнамасына қайшы келетін көліктерді бұдан ары кіргізбеуді және пайдалануға шектеу қою шараларын қолға алуды тапсырамын", – деді Президент.

резидент бұл жерде отандық мүдде басты назарға алынуы керектігін тапсырды.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу