Шетелге 7,5 млн тонна бидай экспортталады

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
6901

Өзбекстан Қазақстаннан 1,1 млн тонна бидай сатып алды.

Шетелге 7,5 млн тонна бидай экспортталады

Биылғы жылдың алғашқы алты айында Қазақстаннан шетелге 3 млн тонна бидай жөнелтілді. Бұдан түскен табыс 532,9 млн долларды құрады.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, экспорт көлемі 2,6%-ға қысқарды, алайда кіріс көрсеткіші 16%-ға ұлғайды. Оң нәтижеге әлемдік нарықта бидай бағасының қымбаттауы әсер етті.

Статистика комитетінің дерегінше, I жартыжылдықта Өзбекстан Қазақстаннан 1,1 млн, Тәжікстан 520,9 мың тонна бидай сатып алды. Әзербайжан - 224,7 мың тонна астыққа тапсырыс берсе, Қытай - 197,3 мың, Түркменстан - 171,8 мың тонна бидайдың ақшасын санап берді. Ал Ауғанстан Қазақстанның - 133,5 мың, Түркия - 10,5 мың, Италия - 106,4 мың тонна бидайын кәдесіне жаратты.  

Ресей, Қырғызстан, Гүржістан мемлекеттері де біздің бидайдың өнімін жеді. Бірақ олардың тапсырысы жоғарыдағы елдерден аз болды. Нақтылайтын болсақ, Қазақстаннан Ресейге - 94,3 мың, Қырғызстанға - 85 мың Гүржістанға - 48,8 мың тонна бидай жөнелтілді.

Айта кетейік, алдын ала жасалған болжам бойынша 2019 жылдың шілдесі мен 2020 жылдың маусымы аралығында Қазақстан шетелге 7,5 млн тонна бидай экспорттайды.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу