Шілдеден бастап қазақстандықтардың ипотека алуы қиындай түседі

457

Нарықты бұрын-соңды болмаған өзгеріс күтіп тұр.  

Шілдеден бастап қазақстандықтардың ипотека алуы қиындай түседі Фото: informburo.kz

Елімізде осы жылдың шілдесінен бастап ипотекалық несиелерге қатысты жылдық тиімді сыйақы мөлшерлеменің 2 ставкасы енгізіледі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Банктермен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп жұмыс істеудеміз. Өйткені ол Ұлттық банктің шешімі ғана емес, агенттікпен бірге қабылданған шешім. 1 шілдеден бастап екі шекті ставка болады. Жалпы бұл қарапайым формула. Егер ипотеканың бастапқы жарнасы 30 пайыздан асатын болса, онда шекті ставка 20 пайыздан аспауы керек. Егер бастапқы жарна 30 пайыздан төмен болса, онда ипотеканың шекті мөлшерлемесі 25 пайыздан аспайды", – деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен брифингте.

Оның айтуынша, бұл мәселе банктермен келісілген.

"Алдымызда әлі техникалық жұмыстар бар. Мамыр айында осы қаулының жобасын ресми түрде жариялаймыз", – деді Ұлттық банк басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу