Ширек финалға кімдер лайық?

1960

Қатарда өтіп жатқан Әлем чемпионаты ең қызықты жеріне келді. Ширек финалға кімдер лайық?

Ширек финалға кімдер лайық?

Нидерланды мен АҚШ арасындағы ойын аяқталды. Еуропалық команда қарсыласынан басым болды. 3:1 есебімен жеңіске жетті. Енді олар ширек финалдағы қарсыласын күтеді. Аргентина мен Аустралия арасындағы ойында Леонель Мессидің командасы анық фаворит. Егер "альбиселесте" жеңіске жетсе онда Нидерланды құрамасымен кездеседі. Ал бұл жұптың қайсысы мықты екенін дәл қазір анық айту өте қиын. Тіпті букмекерлік кеңселер де қиналып қалатын сыңайлы. Нидерланды құрамасы әзірге ешкімге жеңілген емес. Ал Аргентина құрамаында мықты ойыншылары көп болғанымен, командалық тұрғыда ғаламат ойнап жүрген жоқ.

Жапония мен Хорватия жұбында кім жеңімпаз болары белгісіз. Фаорит Хорватия болғанымен, Жапония Испанияны жеңіп сенсация тіркеді. Жылдам ойнайтын жапон құрамасы шақпақ жейделілерге әжептәуір қарсылық білдірері айдан анық. Десе де, мамандар басымдылықты Хорватия тарапына беріп отыр. Бұл жұптың жеңімпазы ширек финалда Бразилияға қарсылас атанады. Себебі, жарыс жүйесі бойынша Бразилия – Оңтүстік Корея арасындағы ойынның жеңімпазы осы жерге түседі. Демек, ширек финалда Хорватия – Бразилия арасындағы ойын болып қалуы әбден ықтимал.

Португалия – Швейцария матчында Криштиану Роналду бастаған португал футболшылары фаворит. Қорғанысқа қамалып ойнайтын Швейцария ойынды экстра-таймға өткізу үшін барын салады. Бірақ, Португалия ширек финалға лайық бірден-бір команда. Арғы бөлікте Марокко – Испания ойыны бар. Оның жеңімпазы Португалияға қарсылас болады. Шамамен, біз Испания құрамасын күтіп отырмыз. Португалия – Испания арасындағы ширек финал осы Әлем чемпионатының көркі болары сөзсіз.

Тағы бір ширек финал қызықты болайын деп тұр. Бұл Англия мен Франция арасындағы ойын. Себебі Англия – Сенегал арасындағы жұптан Сенегал келесі кезеңге өтеді деп болжау мүмкін емес. Англия ақырған арыстан секілді қарсыласын жайпап жіберейін деп тұр. Шабуылы солғын Польша құрамасы Франіиядан өте алмайтын секілді. Мбаппе, Жиру секілді ойыншылары бар Франция соңғы Әлем чемпионы екенін ұмытпауымыз керек. Демек, екі мықты команда ширек финалда қарсылас атануы әбден ықтимал. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу