ШҚО-да мемлекеттік кәсіпорын алып кеменің қалқымалы гаражын сатылымға шығарды

832

​Кәсіпорынның мүлкі салық төлеуші халықтың мүлкі болып саналады.

ШҚО-да мемлекеттік кәсіпорын алып кеменің қалқымалы гаражын сатылымға шығарды Фото: gosreestr.kz

Үлбі металлургия зауыты былтырдан бері өзінің негізгі жұмысына арналмаған мүліктерін сатып жатыр. Былтыр құны 1,3 млрд теңге болатын алып "Бәйтерек" деген кемесін сатқан болса, биыл соның қалқымалы гаражын аукционға шығарды. Оның бастапқы бағасы – 189 млн теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл гараж туралы не белгілі? Ол 2013 жылы жасалған. Мүліктің жылыту торабы жұмыс істейді. Жалпы толық қажеттеліктерімен қамтылған деп жазылады.

Айта кету керек, Үлбі металлургия зауыты "Қазатоөнеркәсіп" ұлттық компаниясына қарайды. Ол сирек кездесетін түсті металлдарды өндіреді және шетелге экспорттайды. Оның мүлкі мемлекеттік мүлік болып саналады. 

Дегенмен кәсіпорын негізгі қызметіне арналмаған мұндай кемелер мен өзге де мүліктері туралы мәліметті ашып айта бермейді. Мысалы, оннан астам жылдан бері оларды күтіп ұстауға қанша қаржы жұмсағаны, әуел баста қанша теңгеге сатып алғаны белгісіз. 

Ал оны қандай мақсатта қолданды десеңіз, кәсіпорынның баспасөз қызметі "қызметкерлер жалдау арқылы Бұқтырма су қоймасында пайдаланған" деп жауап береді. Бұқтырма су қоймасының жағалауында көптеген демалыс базалары бар екені белгілі. Кеменің ішінде де керемет жағдай жасалған. Іщінде кинотеатр, караоке, сауна – көп нәрсе бар.

Айта кетейік, кәсіпорын күзде тағы бір "Юрий Мурин" деген яхтасын сатылымға қойған. Бірақ ол әлі сатылған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу