"Біздің алдымызда өте жауапты кезең тұр. Қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік бағдарламаларды орындауда Тұңғыш Президенттің жобалаларын сөзсіз іске асыруда. Өздеріңіз білетіндей, 10 желтоқсанда сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды. Біздің филиал толығымен дайын: барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешілді, белсенді топтар мен сенімді адамдар дайындалды. Облыстық және аумақтық сайлау комиссияларында 542 кандидат тіркелген. Оның ішінде 456-сы праймериз жеңімпазы болса, 86-сы партия филиалының квотасы бойынша еніп отыр. Біздің арамызда 2,5 мың сенімді адамдар, 2 мыңға жуық бақылаушылар бар. Бұл сайлауда міндетті түрде жеңіп шығуға тиіспіз", - деді Олег Чугунков.
Аймақтық штаб құрамына 82 адам кірді. Олар мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері арасында іріктеліп алынған. Штабтың 57 мүшесінің сайлау науқанын өткізу тәжірибесі бар.
"Nur Otan" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлау қорынан төленді.