ШҚО-да үлескерлер ақшасын заңсыз тартқан құрылыс компаниялары анықталды

1055

Бір ғана компанияның рұқсаты бар екен.

ШҚО-да үлескерлер ақшасын заңсыз тартқан құрылыс компаниялары анықталды Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл туралы ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрланұлы баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.ku тілшісі.

"Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан аумағында үлескерлердің қаражатын тартуға бір ғана компанияның рұқсаты бар. Өскемен әкімшілік сотының шешімімен, Royal Finance Group, МRScompany, Elit Stroy group, "Дейнека" деген компаниялар жауапкершілікке тартылды. Сатып алушыларға келісімшарттар жасамас бұрын тиісті құжаттамамен танысу керек екенін хабарлаймыз", - деді ол.

Спикердің ақпараты бойынша, заңнамада тиісті заңда көрсетілген әдістерден басқа, көппәтерлі тұрғын үйлердің жеке және заңды тұлғаларының қаражатын тартуға тікелей тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің талаптарын бұзғаны үшін үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Яғни, бір миллион теңгеден сәл артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу