Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қызметінен кетуге өтініш берген, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ол бұл қызметке 2019 жылы келген.
Кентаудың бұрынғы басшысы Дәурен Махажановқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енген соң, Шөкеев қызметінен кетуге өтініш жазған.
Өмірзақ Естайұлы Шөкеев 1964 жылдың 12 желтоқсанында Түркістан облысында туған.
1986 ж. – Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген, экономист-математик.
1988-1991 гг. – МЭСИ аспиранты. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1986-1988 жж. – Қазақ ССР-ның Мемлекеттік жоспары жанындағы ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері.
1991-1992 жж. – Қазақ ССР-ның Мемлекеттік жоспары жанындағы ҒЗИ жетекші маманы.
1992-1993 жж. – ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі.
1991-1993 жылдары – президент әкімшілігі мен министрлер кабинеті қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
1993-1995 жылдары – Түркістан облысының мемлекеттік меншік жөніндегі территориялдық комитетінің төрағасы.
1995 жылдың қараша айынан – ҚР экономика министрі.
1997 жылдың наурыз-қазаны – ҚР экономика және сауда министрі.
1997 жылдың шілдесі – 1997 жылдың қазаны аралығында – ҚР премьер-министрінің орынбасары.
1997 жылдың қарашасынан 1998 жылдың сәуіріне дейін – "Тұран-Әлем" банкінің басқарма төрағасы;
1998 жылдың тамыз айынан – ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары;
1998 жылдың 19 тамызынан – Қостанай облысының әкімі;
2004 жылдың наурызынан – Астана қаласының әкімі;
2006 жылдың 20 қыркүйегінен – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;
2007 жылдың 27тамызынан – Қазақстан премьер-министрінің орынбасары;
2009 жылдың 3 наурызынан - Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары;
2011 жылдың 26 желтоқсанынан – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқарма төрағасы;
2017 жылдың 12 желтоқсанынан – 2019 жылдың 25 ақпанына дейін ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі.
2019 жылдың 26 ақпанынан – Түркістан облысының әкімі.