Шорт-тректен әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіске бір қадам жетпей қалды

287

Бейжің қаласында шорт-тректен өтіп жатқан әлем чемпионатын Қазақстан әйелдер құрамасы төртінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шорт-тректен әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіске бір қадам жетпей қалды Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық қыздар 3 мың метрлік эстафетада А финалында Канада, Польша, Нидерланды құрамаларымен сынға түсті. Мұнда канадалықтар жеңімпаз атанса, Польша екінші, Нидерланд үшінші орынға ие болды.

Қазақстан әйелдер құрамасының финалға шығып, үздік төрттіктің қатарына ілігуін жақсы нәтиже деуге болады. Ел намысын Яна Хан, Ольга Тихонова, Мәлика Ермек және Алина Әжіғалиева қорғады.

Қазақстан ерлер құрамасы 5 мың метрлік эстафетада финалға шыға алмады. Жартылай финалда қазақстандықтар Канада, АҚШ және Түркия командаларына жол берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу