Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысады

291

Әлем чемпионаты 14-16 наурыз аралығында өтеді.

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысады Фото: Туризм және спорт министрлігі

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Петр Гамидов алдағы әлем чемпионатында (Бейжің, Қытай) ел намысын қорғайтын спортшылардың есімдерін атады.

Маманның айтуынша, құрамаға 10 спортшы енген. Жүлде үшін таласатын спортшылар: Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко, Яна Хан, Зейнеп Кумарқан, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Алина Әжғалиева.

Қазіргі таңда құрама Астанада соңғы дайындықтарын өткізуде. Команда 8 наурыз күні Бейжіңге аттанады. 

Жарыстар ерлер мен әйелдер арасындағы жеке қашықтықтар мен эстафеталарды қамтиды.

Жарыс кестесі:
14 наурыз: Жекелей жарыстар мен эстафеталардың бастапқы кезеңдері.
15 наурыз: Жекелей жарыстар бойынша жартылай финалдар мен финалдар.
16 наурыз: Эстафета финалдары және жабылу рәсімі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы әлем чемпионатында Денис Никиша 500 метрлік қашықтықта күміс жүлдеге ие болды.

Ол шорт-трек бойынша ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу