Қазақстанның ерлер құрамасы Азиядадағы жеңістен кейін Италияның Милан қаласында өткен Әлем кубогында тамаша нәтиже көрсетті.
Ерлер арасындағы 5000 м эстафетада Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Денис Никиша және Мерсаид Жақсыбаев бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандықтар 6:46.068 нәтижесімен үшінші орын иеленді.
"Алтын" жүлдені Италия құрамасы (6:42.822) жеңіп алса, күміс медальді Канада құрамасы (6:42.878) еншіледі. Қытай құрамасы 4-нәтиже, Жапония құрамасы 5-нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарында біздің шорт-трекшілер тарихи "алтын" жүлдені жеңіп алған болатын.
Чемпиондық құрамда Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен, Абзал Ажғалиев және Глеб Ивченко өнер көрсетті.
Осылайша, қазақстандық спортшылар шорт-тректен халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастыруда.