Қытай астанасы Бейжіңде шорт-тректен өтіп жатқан World Tour кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы 3 мың метрлік эстафеталық жарыста үздік үштікке ілігіп, қола жүлде қанжығалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Финалда бес команда өнер көрсеткенімен, алдымен Польша құрамасы жарыстан шеттетілді.
Қазақстандықтар мәре сызығын төртінші болып қиғанымен, қытайлықтар да пенальти алып қалды. Сөйтіп қазақстандық төрттікке қола бұйырды.
Канада жеңімпаз атанса, Оңтүстік Корея командасы күміс жүлде алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы биылғы әлемдік турда (бұрынғы әлем кубогы) алғашқы медаліне қол жеткізді.
Ерлерден Денис Никиша 1 500 метрлік қашықтықта А финалында бақ сынап, алтыншы орынға табан тіреді.