Шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтетін болды

86

Осы күндері елордадағы "Алау" мұз сарайында шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің кезеңі өтуде.

Шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтетін болды Фото: olympic.kz

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Астанада Халықаралық конькишілер одағының (ISU) өкілі Хуго Херрнхофпен кездесті.

Тараптар Қазақстандағы коньки спортының даму деңгейін, ISU-мен ынтымақтастықты және 2026 жылғы Милан Олимпиадасына дайындықты талқылады.

Министр шорт-тректің елде жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Биыл Қазақстан қысқы Азия ойындарында тарихи алтын жеңіп алып, жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің екі кезеңін жоғары деңгейде өткізді.

ISU Қазақстанға 2027 жылғы жасөспірімдер әлем чемпионатын ұйымдастыру мәртебесін берді. Хуго Херрнхоф "Алау" мұз сарайының мүмкіндіктерін жоғары бағалап, ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу