Шорттрекші Денис Никиша әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері атанды

301

А финалында 500 метр қашықтықта барлығы 5 спортшы жүлде үшін жарыс жолына шықты.

Шорттрекші Денис Никиша әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері атанды Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бейжің қаласында шорт-тректен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Денис Никиша күміс жүлде еншіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бейжің олимпиадасының күміс және қола жүлдегері, канадалық Стивен Дюбуа бірден алға кетті. Ол 40.008 секунд нәтижемен чемпион атанды.

Денис Никиша (40.096) мәре сызығын екінші болып қиды. Қазақстандық шорттрекші (41.676) өткен жылғы нәтижесін едәуір жақсартты.

Нидерландылық Йенс Ван’т Ваут (40.163) үздік үштікті түйіндеді. 

Бұл – Денис Никишаның әлем чемпионатындағы екінші күміс медалі. Ол өткен жылы Роттердамда да екінші орынға ие болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу