Шотландия мен Ресейге қарсы тұрар жігіттеріміз

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
3104

Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирін бастайтын Қазақстан құрамасының сапы жарияланды.

Шотландия мен Ресейге қарсы тұрар жігіттеріміз Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек алдағы екі ойында сенім артатын футболшыларының тізімін жариялапты. Өздеріңіз де білесіздер, бірер күннен кейін 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі басталады. Біздің құрама 21 наурыз күні Шотландия аяқдопшыларымен, ал 24 наурызда Ресей футболшыларымен кездеседі. Екі матч та "Астана Арена" стадионында өтеді.

Енді Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтында жарияланған тізімге көңіл бөлейік:

қақпашылар – Стас Покатилов ("Қайрат"), Дмитро Непогодов ("Ордабасы"), Игорь Щацкий ("Шахтер");

қорғаушылар – Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Евгений Постников (бәрі де – "Астана"), Елдос Ахметов, Ғафуржан Сүйімбаев, Ян Вороговский (бәрі де – "Қайрат"), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де – "Ордабасы");

жартылай қорғаушылар – Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков (бәрі де – "Қайрат"), Серікжан Мұжықов, Юрий Перцух (екеуі де – "Астана"), Максим Федин ("Тобыл"), Бактиер Зайнутдинов ("Ростов", Ресей), Александр Меркель ("Хераклес", Голландия);

шабуылшылар – Еркебұлан Сейдахмет ("Левски", Болгария), Бауыржан Тұрысбек ("Тобыл"), Роман Муртазаев ("Астана"), Алексей Щеткин ("Ордабасы").

Резервтегі футболшылар: 

қақпашылар – Владимир Плотников ("Қайрат"), Марсель Исламқұлов ("Қайсар"),

қорғаушылар – Нұралы Әліп, Айбол Әбікен, Александр Соколенко (бәрі де – "Қайрат"), Марат Быстров ("Ордабасы"), Дмитрий Мирошниченко ("Тобыл"),

жартылай қорғаушылар – Еркебұлан Тұңғышбаев ("Қайрат"), Азат Нұрғалиев ("Тобыл"), Аслан Дарабаев ("Ертіс"),

шабуылшылар – Оралхан Өміртаев ("Шахтер"), Акмаль Бақтияров ("Сочи", Ресей), Владислав Васильев ("Энергетик-БГУ", Беларусь).

Жаттықтырушылар құрамы: 

Михал Билек – бас бапкер,

Михал Хипп – бас бапкердің көмекшісі,

Талғат Байсуфинов – бас бапкердің көмекшісі,

Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы,

Марат Еслямов – дене даярлығы жаттықтырушысы.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу