2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Шри-Ланкада қарттар үйінде шыққан өрттен 12 адам қаза тапты

1237

Өрттің неден болғаны анықталып жатыр.

Шри-Ланкада қарттар үйінде шыққан өрттен 12 адам қаза тапты Фото: khovar.tj

Шри-Ланканың батыс провинциясындағы қарттар үйінде болған өрт салдарынан 12 адам көз жұмды. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты  Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

Оқиға сәрсенбі күні кешке Хорана қаласына қарасты Ангуруватота ауданындағы қарттар үйінде болған. Биліктің мәліметінше, ғимараттан 44 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Тағы 7 адам түрлі жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ үш адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу