Швейцария кедендік баж салығын азайту үшін Трампқа бағалы сыйлықтар жіберген

227

АҚШ президенті Дональд Трамппен кедендік бажды төмендетуге қатысты бір мәмілеге келе алмаған Швейцария билігі өз делегациясын Ақ үйге жіберді. 

Швейцария кедендік баж салығын азайту үшін Трампқа бағалы сыйлықтар жіберген Фото: armenpress.am

Өнеркәсіп магнаттарынан құралған делегация Вашингтонға құр алақан бармай, сыйлықтар апарған. Көп ұзамай АҚШ жеңілдік жасауға келіскен. Бұл туралы Axios жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Шетелдік БАҚ 4 қарашада хабарланған Швейцария бизнесмендерінен құралған делегацияның Ақ үйге сапары туралы жазды. Себебі делегация құрамында швейцариялық бағалы металдар трейдері MKS PAMP SA компаниясының басшысы Марван Шакарчи, Rolex компаниясының басшысы Жан-Фредерик Дюфур және сәнді тауарлар шығаратын Richemont компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Йоханн Руперт болған. Бизнесмендер АҚШ президентіне бағалы сыйлықтар апарғаны белгілі болды. Атап айтқанда, MKS PAMP SA жетекшісі Трампқа құны 130 мың доллардан асатын жеке есімі жазылған алтын құйманы, ал Дюфур америкалық көшбасшыға үстелге қойылатын алтын сағат тарту еткен. Axios дереккөзіне сәйкес, Трамп алтынды сыйға алғанды ұнатады.

Axios делегацияны жіберу туралы бастама Швейцария билігі тарапынан болды деп отыр. Бұған дейін ел президенті Карин Келлер-Зуттер АҚШ президенті Дональд Трамппен сәуірде жарияланған тарифтерді төмендету туралы келісімге келе алмаған. 

АҚШ Конституциясы үкімет мүшелеріне Конгрестің рұқсатынсыз шет мемлекеттерден сыйлықтар алуға тыйым салады. Трамп әкімшілігінің өкілдеріне сілтеме жасаған Axios жазуынша, Ақ үй сағат пен алтын құйманы президенттік кітапханаға арналған сыйлықтар деп рәсімдеген. Осылайша бұл сыйлықтарды заңды етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу