Еуропа чемпионатында Швейцария мен Германия ширек финалға жолдама алды

612

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында 1/4 финалға шыққан екі құрама анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еуропа чемпионатында Швейцария мен Германия ширек финалға жолдама алды Фото: championat.com

2020 жылғы Еуропа чемпионатында Италия құрамасы чемпион атанған еді. Сондықтан олар чемпиондық атақты сақтап қалу үшін биыл жоғары деңгейде ойын көрсетуі тиіс еді.

Дегенмен италиялық футболшылар жанкүйер сенімінен шыға алған жоқ. Топтық кезеңнен әупірімдеп шыққан құрама 1/8 финалда сүрінді.

Бұл жолы олар Швейцария құрамасына 0:2 есебімен жол берді. Ойын барысында швейцариялық құрамадан Ремо Фройлер 37, Рубен Варгас 46-минутта гол соқты.

Ал одан кейін Германия мен Дания кездесуі өтті. Ойын барысында германиялық клубтан Кай Хаверц 53-минутта пенальтиден мергендік танытса, Джамал Мусиала 68-минутта есепті үстемелей түсті.

Кездесуде Германия қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Енді 30 маусымда Англия мен Словакия, Испания мен Грузия құрамалары шеберлік байқасады. Құрлықтық дода 14 шілдеде мәресіне жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу