Шығыс Қазақстандағы мал ұрлығына полицейлердің қандай қатысы бар?

1826

Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай ауданынан жоғалған үйір-үйір жылқылар Зайсан ауданынан табылды. Тіпті 2017 жылдан бері жоғалған жылқыларды Зайсандағы Темірсу деген жерінен тапқан. 

Шығыс Қазақстандағы мал ұрлығына полицейлердің қандай қатысы бар?

Әлеуметтік желіде осы мәселеге қатысты видео тарап жатыр.

Өзін Ерболат Рахимов деп таныстырған видео авторы Тарбағатай ауданының тұрғыны екенін айтады.

Ол жоғалған жылқылардың табылған жерін видеоға түсіріп, оқиғаның мән-жайын түсіндіруде.

Айтуынша, үйір-үйір жылқының кімнің қорасынан шыққанын және осы істің басы-қасында кім жүргенін де атап тұр. Тарбағатайлықтар күдікті азаматтың заң қызметкерлерінің қолына түспей отырғанын алға тартады.

"Кормоцехтің үлкен қорасынла екі үйір, тағы бір қорада екі үйір жылқы қамалып тұр. Енді бір үйір бар, - дейді Қабанбай ауылдық округіне қарасты Қазақстан ауылының тұрғыны Ерболат Рахимов. - Осы айдың онында 36 бас жылқымыз жоғалды. Соны іздеп, Зайсаннан тауып алдық. Зайсанның Темірсу жеріндегі қорадан 14 басты алып шықтық".

Жануарлардың көбісінің ен-таңбасы өзгертілген. Әйтсе де, әркім өз жылқысын жазбай танып жатыр. Ал жылқысы жоғалған Зайсан, Тарбағатай ауданының тұрғындары соңғы үш тәулікте сол қораның маңын күзетіп жүр. Мал бордақылайтын үлкенді-кішілі бірнеше қораның нақты иелері кім екені әлі анықталған жоқ. Тұрғындар полиция қызметкерлерінің жайбасарлығына наразы. Жоғалған жылқының көбін иелері өздері анықтаған. Енді малын қайтарып ала алмай жүр.

Аталған мәселіні ШҚО Полиция департаменті де растап, қазіргі таңда тексеру жүріп жатқандығын мәлімдеді.

"Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Зайсан ауданында иесіз малдың табылу фактілері бойынша ҚР ҚК-ның 188-1-бабы бойынша бұрын тіркелген сотқа дейінгі тергеу аясында тиісті тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Мал иелері мен желі қолданушылар бұл қылмысқа жергілікті полицейлердің де қатысы бар деген болжам айтып отыр. Себебі жоғалған бес үйір жылқыны полиция емес, тұрғындар өздері тапқан. 

"Ол қылмыстық топ. Әйтпесе, бір кісі осынша жылқыны Тарбағатай ауданынан ұрлап, осыншама уақыт ашықтан-ашық меншіктеп жүре алмайды. Осыдан үш жыл бұрын ұрылар тобы әшкерленген еді. Онда да Тарбағатай ауданының бір топ тұрғындарының жылқыларын ұрлап ұсталды. Алайада ол ұрлық үшін ұрының біреуі ғана сотталған. Бірақ босап, кәзір қайта атына мініпті. Ал топтың басшысы еш жауап берместен, басқа ұрыларын басқарып жүріп жатыр. Мөлшері осы жолғы табылған тарбағатайлық жылқылар 2017-2018 ұрланса, осыдан үш жыл бұрын жасырылып қалған малдар. Содан бері қылмыстық топ басшысы иелік етіп, арасында саудалап жүрген. Осы жақында ғана ол ұрылардың басшысы сол Шүршітсу мен Темірсу жақта жүр деп естіп едік" , - дейді әлеуметтік желі қолданушысы Қабиолда Сайранов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу