Бокстан Қазақстан құрамасының кейбір мүшелері Шымкенттегі халықаралық турнирге қатыспайды.
Атап айтар болсақ, Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған турнирден сырт қалады.
Үш спортшы да Париж Олимпиадасында бақ сынаған болатын. Олардың қатарынан тек Нұрбек Оралбай ғана күміс медальмен оралды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу