"Шымбұлақта" фристайлдан әлем кубогының кезеңі өтеді

315

Фристайл шеберлері Алатаудың бөктерінде Олимпиада лицензиясына қажет рейтингтік ұпайлар үшін сынға түседі. 

"Шымбұлақта" фристайлдан әлем кубогының кезеңі өтеді Фото: olympic.kz

28 ақпан – 2 наурыз аралығында Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғы курортында FIS фристайлдан әлем кубогының кезеңі өтеді.

Жарыс бағдарламасына могул, параллельді могул және шаңғымен акробатика сайыстары кіреді. Бұл Алматыда өтетін алтыншы әлем кубогы кезеңі болмақ.

Оған Аустралия, Канада, Қытай, Франция, Жапония, АҚШ және Қазақстанды қоса алғанда 18 елден 100-ден астам спортшы қатысады.

Жарыс бағдарламасы:

28 ақпан: могул

1 наурыз: параллельді могул

2 наурыз: шаңғымен акробатика

Әр жарыс күнінің соңында жеңімпаздарды ресми марапаттау рәсімі өтеді. Жанкүйерлер үшін жарыстар Qazsport телеарнасы мен FIS-TV YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан құрамасының құрамы:

Әйелдер: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Анастасия Ларионова.

Ерлер: Павел Колмаков, Антон Бондарев, Фёдор Бугаков, Денис Раструба.

Команданы Елена Круглыхина, Геннадий Намереков, Дмитрий Рейхерд, Олег Цин және Константин Горлачёв жаттықтырады.

Команданың көшбасшылары:

Юлия Галышева  2018 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2019 жылғы әлем чемпионы. 2025 жылы АҚШ-тағы әлем кубогы кезеңінде параллельді могулдан қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте 6-орынға тұрақтады.

Павел Колмаков  2024 жылғы әлем кубогының кезеңінде параллельді могулдан күміс жүлдегер атанды. 2025 жылы АҚШ-та өткен әлем кубогы кезеңінде Қазақстанға күміс және қола медаль әкеліп, жалпы есепте 11-орында тұр.

Анастасия Городко – 2019-2020 жылғы Еуропа кубогының жеңімпазы. Биылғы маусымда әлем кубогының бірнеше кезеңінде үздік ондыққа еніп, жалпы есепте 10-орынға жайғасты.

Қазақстандық спортшылардың басты қарсыластары тізімінде маусымның үздік спортшылары бар. Сайысқа Микаэль Кингсбери (Канада), Икума Хоришима (Жапония), Бенджамин Каве (Франция), Мэтт Грэм (Австралия), Перрин Лаффон (Франция), Джейлин Кауф, Оливия Гьяччо (АҚШ), Майя Швингхаммер (Канада) және Рино Янагимото (Жапония) қатысады. 

2024/2025 жылғы FIS әлем кубогының кезеңдері 2026 жылы Милан-Кортинода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу жарыстарының қатарына кіреді. Спортшылар FIS ұпайлары үшін ғана емес, Олимпиада лицензиясына қажет рейтингтік ұпайлар үшін де күреседі.

Айта кетейік, Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты 2019 жылдан бері фристайлдан әлем кубогының кезеңдерін тұрақты түрде өткізіп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу