Өткен демалыс күндері отандық бокстың басты жарыстарының бірі – Қазақстан бокс федерациясының Кубогы өз мәресіне жетті.
Елдің түкпір-түкпірінен жиналған үздік былғары қолғап шеберлері маусымның ең маңызды жүлдесі үшін шаршы алаңда бақ сынады. Бәсеке бірнеше күнге созылды.
Биылғы турнирде Астана қаласының, Қарағанды облысының, Шымкент қаласының және Маңғыстау облысының құрамалары Кубокты сарапқа салды.
Қарағанды облысы Қазақстан бокс федерациясы кубогының 3-орын иегері атанды. Маңғыстау облысымен кездесуде 8:7 жалпы есебі тіркелді. Соңғы жекпе жекте: +90 келі. Иманғали Нұрпейіс 2:3 Салауат Тілекбай.
3-орын үшін Қарағанды облысының командасына 20 мың АҚШ доллары табысталады. Ал топтық кезеңнен өтіп, жартылай финалға жеткен 4-орындағы Маңғыстау облысының құрамасына 10 мың АҚШ доллары табысталды.
Ал, Астана командасымен ақтық кездесуде шымкенттік боксшылар 9:6 жалпы есебімен басым түсті. 90 келіде өткен соңғы жекпе-жекте Темірлан Мұқатаев 5:0 есебімен Бекзат Таңатарды жеңді. Осылайша, шымкенттіктер федерация кубогында жеңіске жетті.