Шымкентте бокстан Қазақстан Чемпионаты өтуде

1871

Чемпионатта еліміздің ең мықты деген боксшылары сынға түсіп жатыр.

Шымкентте бокстан Қазақстан Чемпионаты өтуде

Шымкентте бокстан ел чемпионаты басталды. Биыл әйелдер де, ерлер де бір уақытта қатар рингке шығуда. Сондай-ақ, қатысушылар саны да аз емес. Ерлерден 196 боксшы, әйелдерден 94 боксшы сынға тусуде. Ұйымдастырушылар жарыс күндерін екі сессияға бөлді: біріншісі сағат 11.00-ден 14.00-ге дейін, екіншісі сағат 15.00-де басталып, кешкі 19.00-де аяқталады. Барлық облыстар мен қалалардан чемпионатқа өз аймағының "бірінші нөмірлі" үздік боксшылар қатысуда. Тек Нұр-Сұлтан қаласының командасынан Олимпиада жүлдегері Василий Левит денсаулығына байланысты чемпионатқа келе алмады.

Алғашқы жарыс күні ерлер арасында 49 келіге дейінгі салмақта ширек финалистер анықталды. Еліміздің бес дүркін чемпионы және Азия чемпионы, Ақмола облысының өкілі Теміртас Жүсіпов келесі кезеңге жолдама алды. Ол енді Атырау облысынан келген Садай Фарзалиевке қарсы жекпе-жек  өткізеді.

Бүгін 1/8 финалға 52 келіге дейінгі салмақта Ұлттық құрамадағы ең тәжірибелі ойыншы Жомарт Ержанды 4: 1 есебімен нокаутқа жіберіп, турнир кестесінен шығарып жіберген Түркістан қаласының өкілі Сәкен Бибосынов пен Атырау облысының өкілі Олжас Байниязов жолдама алды. Ересектер арасында ұлттық чемпионаттың дебютанты Махмуд Сабырхан 1/8 финалға шықты. Шымкенттік спортшы жастар арасында Азияның үш дүркін чемпионы болды және енді таңдаулы дивизионда өзін жақсы жағынан көрсетуге тырысады. Махмудтың келесі жекпе-жегі  қарағандылық Ақниет Балтабаевқа қарсы өтеді.

Ерлерге арналған кешкі сессияда 60 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалдың барлық қарсыластары анықталды. Олардың арасында Азия чемпионатының жүлдегері Саматәлі Төлтаев, Азия ойындарының чемпионы Ілияс Сүлейменов және 2016-жылғы ел чемпионы Әділет Құрметов те бар.

Қыздар арасындағы жарыста 48 келіге дейінгі салмақта ширек финалистер анықталды. Олардың басым бөлігі әлі елге танылып үлгермеген, жас боксшылар. Ал, 57 және 64 келі салмақ дәрежесіндегі ұлттық құрамада танымал Айжан Ходжабекова, Сәния Сұлтанқызы, Милана Сафронова, Жансая Балтабековаларға облыстардың түкпір-түкпірінен келген әлі танымал емес спортшылар қарсы шығады.

24-қарашада ерлер ширек финалға жолдама алу үшін 57, 63, 69 және 91 келіден  жоғары категорияларда жұдырықтасады. Атап айтқанда Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Қуан Қуатов, Оразбек Асылқұлов, Нұрсұлтан Аманжолов, Дамир Тойбай өнер көрсетеді. Қыздар 54 және 69 келіге дейінгі категорияларда ширек финалға шығу үшін таласқа түседі. Бокстан өтіп жатқан бұл турнир 29-қараша күні мәресіне жетіп, барлық дивизиондар бойынша ел чемпиондарының есімдері белгілі болады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу