Шымкентте қаза болған 3 жасар қызды көршісі өлтіріп алған

13624

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов МЖК шағынауданында қаза болған 3 жасар қыздың отбасына көңіл айтып барды.

Шымкентте қаза болған 3 жасар қызды көршісі өлтіріп алған

Ғабидолла Рахамтоллаұлы бұл жөнінде өзінің "инстаграмдағы" парақшасында жазды. Қала басшысының сөзіне сенсек, Кәусарды көршісі өлтіріп алған екен.

"Аулада ойнап жүрген 3 жасар Кәусар әкесінің артынан барамын деп өздерінің көршісімен бірге әкесі отырған жаққа жүреді. Қоршауды секіріп өтпекші болып, кішкентай Кәусарды жетектеген көршісі оны қолынан түсіріп алады. Талып қалған сәбиді көріп, көршісі қорқып кішкентай сәбиді сол жерде қалдырып кеткен. Қылмыс жасаған азаматқа қатысты іс қозғалып, қамауға алынған. Ол сөзсіз жауапқа тартылады. Кәусарға қатысты ешқандай зорлық жасалмаған", – деп жазады әкім.

Сонымен қатар, қала басшысы тұрғындарға балаларын бақылаудан шығармауға кеңес берген. Осы мәселе бойынша бүгін арнайы жиналыс өткізетінін де мәлімдепті.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу